31/10/2014  Жұма

Авторландыру

Бiздiң сұрау

Сiздiң қалаулы затыңыз

Дене шынықтыру

Пәні: дене шынықтыру
Сыныбы: 3а
Уақыты: 07.10.2011ж.
Өткізген: Бисенбаев Ербол Темирбаевич

Сабақтың тақырыбы: «Тепе – теңдік жаттығулары. Бөрене үстінде аяқтың ұшымен жүру.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гимнастикалық жаттығуларға қойылатын талаптар, оның қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Гимнастикалық жаттығулардың көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілігін, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, өнегелі көркемдік танымдарды үйренуге тәрбиелеу.
Өтетін орны: спорт зал.
Сабақтың түрі: оқу-жаттығу.
Көрнекі құрал-жабдықтар: гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық отырғыш,  арқан.

Сабақтың барысы:

Р/с

Мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

І

Дайындық бөлімі

10 мин

Спорттық киімге көңіл бөлу

 

1.Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші мәліметі.
2. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Сапта тұрып бұйрықтарды орындау.
- Түзел, тік тұр.
- Оңға бұрыл.
- Солға бұрыл.
- Саппен аралықты сақтап алаңды айнала жүгіру, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, қолды белге қойып өкшемен жүру.
Жай жүріп демді қалпына келтіру.
4. Жалпы дамыту жаттығулары:
- Бастапқы қалып.
Қол белде, аяқ иық деңгейінде.
1-4 дейін басымызды оңға, солға айналдырамыз.
- Б.қ.
Екі қолды жоғары созып, алға еңкейіп қолымызды жерге тигіземіз. (1-4)
- Б.қ. Екі аяқ иық деңгейінде көбірек ашамыз, қолды белге қойып, бірінші сол аяққа, сосын оң аяққа отырамыз. (1-4)

 

 

3 рет

Сапта бір түзудің бойында тұру, жаттығуларды дұрыс орындау керек.

 

 

 

 

 

 

Дене тік болып, қол түспеу керек. Бас бір қалыпта.

 

Дене тік болып, тізе бүгілмеуі тиіс.

Дене тік болуы қажет, отырғанда еңкеймеу керек.

ІІ

Негізгі бөлім

30 мин

 

 

1.Гимнастикалық төсенішке алға домалау. (Аяққа отырып, қолдарын төсенішке тірейді, алға ұмтыла домалау)
2. Гимнастикалық төсенішке артқа домалау. (Аяққа отырып, қолдарын төсенішке тірейді, артқа  домалау)
3.Арқанға өрмелеу. (Арқанды аяққа орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу)
4.Гимнастикалық отырғышта тепе-теңдік сақтау. (Гимн.отырғышта қарлығаш бейнесін жасау)
5.Гимнастикалық отырғыштың үстінде аяқтың ұшымен жүру.

 

 

 

 

 

 

Жаттығу барысында қолды жіберіп қоюға болмайды.

Кеуде тік, қолымыз түзу болуы керек.

ІІІ

Қорытынды бөлім

5 мин

 

 

Сабақ соңында оқушыларды сапқа тұрғызу. Үйге тапсырма беру. Жаттығуларды қайталап бағалау.

 

Сап тыныштығын сақтау керек.